Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1-сәуірден басталады. » Коммунальное государственное учреждение "Некрасовская средняя школа-сад" отдела образования по Урджарскому району управления образования области Абай
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Некрасовка орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2021

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1-сәуірден басталады.

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап ауданымызда жалпы білім беретін мектептердің 1-сыныбына құжаттарды қабылдау бойынша электрондық жүйе жұмыс істей бастайды. Биылғы жазда әр ата-ана мектепке өтінішті өткен жылғыдай үйден шықпай онлайн режимде бере алады.

Аталған қызметті ата-аналар электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ)www.egov.kzпорталы арқылы  ала алады. Өтініштерді 24/7 режимінде беруге болады, осылайша ата-аналар жұмыстан немесе үйден мектепке онлайн режимде өтініш беру мүмкіндігіне ие болады.

Өтініш беру үшін сайтқа кіріп, қажетті ақпаратты толтырып, тиісті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеу керек. Олар – 026/у-3 үлгісі бойынша «Баланың денсаулық құжаты»; 063/у үлгісі бойынша баланың денсаулығы жөніндегі құжат және 3х4 өлшеміндегі екі фотосурет. Құжаттар толық болмаса және скан-көшірмелерді оқу қиын болса, қызмет көрсетуден бас тарту мүмкін.

Компьютер немесе интернет болмаған жағдайда, ата-аналар жақын маңдағы мектепке барып, қызметкерлерден көмек сұрай алады.


Похожие публикации:

28 ноябрь 2019 ҰБТ жоспары
05 сентябрь 2018 1қыркүйек Білім күні
24 август 2018 Конкурс
02 сентябрь 2017 1қыркүйек Білім күні