04
сентябрь
2023
"Мектепке жол" қайырымдылық акциясы
2023-2024 оқу жылы қарсаңында "Некрасовка орта мектеп - бақшасы" КММ - сінде 01 тамыз 30 қыркүйек аралығында "Мектепке жол" республикалық акциясы "Жақсылық жаса" ұранымен қарқынды жүзеге асырылуда. Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.«Мектепке жол» республикалық акциясының өткізіліп жатқандығы және демеуші жұмылдыру мақсатында мектеп сайтына, әлеуметтік желілерге хабарландыру берілді және баннер жасатылды. Қазіргі таңда, «Мектепке жол акциясына» демеуші жұмылдыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.