өзін - өзі тану апталығы » Коммунальное государственное учреждение "Некрасовская средняя школа-сад" отдела образования по Урджарскому району управления образования области Абай
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Некрасовка орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
февраль
2020

өзін - өзі тану апталығы

Өзін өзі тану пәнінің апталағы
2020 жылдың 5 - 12-ақпаны аралығында «Некрасовка орта мектеп – бақшасы» КММ-де өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Өзіңді тану – өмірді тану» тақырыбында өзін-өзі тану пәні апталығы өтті. Осыған байланысты әр сыныпта тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сағаттарының мақсаты: махаббат пен сүйіспеншілік аясында оқушыларға махаббат, бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отырып, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу. Махаббат қандай болмасын өмірдің негізі. Адам алғаш шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап, ата-анадан, табиғаттан сүйіспеншілік сезімін сезіне бастайды. 2010 жыл 1-қыркүйекте құрылған «Өзін-өзі тану» пәнінің де ықпалы зор. Демек, құрылғанына 10 жыл болса да, сүйіспеншілік төңірегіндегі «Шаттық шеңбері», «Әңгімелесейік», «Өзіммен-өзім», «Сахналау», «Жүректен-жүрекке» шеңбері, бәрі-бәрі оқырмандардың жүрегіне дара жол табары анық. Оқу орнымызда өткен өзін-өзі тану пәнінің апталығы да сол сүйіспеншіліктің бір көрінісі. Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі Даурембекова А.З ұйымдастыруымен мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары арасында ерекше кездесу орын алды. Кездесу сұхбат ретінде өтіп, қызықты тренинг өткізіп, соғында оқушылар мен ұстаздар бір – біріне ізгі тілек айтып, сыйлықтар таратылды. Апталық соңында белсенділік танытқан оқушылар мен сыныптарға мадақтамалар мен ынталандыру сыйлықтары берілді.

Похожие публикации:

19 октябрь 2019 Мектеп әкімшілігі
24 август 2018 Конкурс