"QH Жаздық жолдама 2024" – қайырымдылық жобасы аясында сертификат алу рәсімі » Коммунальное государственное учреждение "Некрасовская средняя школа-сад" отдела образования по Урджарскому району управления образования области Абай
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Некрасовка орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2024

"QH Жаздық жолдама 2024" – қайырымдылық жобасы аясында сертификат алу рәсімі

​Видео - инстаграм​​​
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей тапсырмасымен 2022 жылдың қаңтар айында құрылды. Екі жылда еліміздің барлық өңірлерінде денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, білім беру және спорт салаларында 91 млрд. теңге көлемінде 80нен астам қайырымдылық бағдарламалар мен жобаларды іске асырды. Білім беру саласында негізгі жобалар болып «Ауыл өңірлеріндегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру» сияқты жобалар бар. Бұл жобалардың ішінде «Жаздық жолдама» жобасы да ерекше орын алып отыр. Былтыр «Қазақстан халқына» қоғамдық қорынің қаржылық қолдауымен 19754 оқушы толыққанды жаздық демалысқа қол жеткізіп, жаңа эмоцияларға бөленіп, білімге, тәжірибеге, дамушы ойындар мен саяхаттарға қол жеткізіп, жаңа достарға да ие болды.
Қор Оқу ағарту министрлігі, жергілікті әкімдіктердің қолдауымен биыл маусым айынан бастап 5-8 сынып 20 мың оқушысын жаздық демалыс лагерьлерге жіберуді жоспарлап қойды.
Осы орайда "Некрасовка орта мектеп-бақшасы" КММ-не "QH ЖАЗДЫҚ ЖОЛДАМА - 2024" қайырымдылық жобасы аясында 1 жолдама сыйға тартылды.

Похожие публикации:

28 декабрь 2023 Жаңа жыл - 2024
24 август 2018 Конкурс