"Ұстазға бас иеміз"
«Ұстаз» сөзі күн нұрына бара-бар,
Шәкірті оның әр сөзінен нәр алар.
Ізгілік пен мейірімге толы ол,
Шуақ болып жүректерге таралар.
Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде көп мағына жатыр. Өмірдегі қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар, бәрі-бәрі бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз. Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Жан дүниеңді түсінетін, қиындық кезінде сүріндірмей құтқаратын ұстаз екені анық. Ол диқан сияқты адам жанына ақыл, білім дәнін сеуіп, аялап өсіреді. «Ұстаз» ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз. Ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін, «білім» атты кемеге отырғызып, болащаққа жол көрсететін анаңдай әлпештеп, маңдайыңнан сипайтын адам. Осы орайда 11 - сынып оқушылары ұстаздарға арнап мерекелік концерт пен квест ойындарын ұсынды.