19
октябрь
2019
«Алтын күз - 2019»
«Некрасовка орта мектеп - бақшасы» КММ бойынша мектепішілік «Табиғатты аяла» сайысы туралы ақпарат.
Мектепте 19 қазанда 1-4 сыныптар арасында «Табиғатты аяла» сайысы өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін арттыру, шығармашылық жұмыс жүргізуге ынтасын арттыру, табиғатты аялауға баулу және ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға сала білуге тәрбиелеу болды. Сайыста командалар өздерін слайд көрсету, ән айту, шығарған өлеңдерін оқу арқылы таныстырды. Әр топ күзгі өнімдерден тағамдар дайындап, қолдан жасаған күздік киімдерден сән үлгісін көрсетті. Өнерлерін көрсетуде бірінен бірі асып түсуге тырысқан бес команда асқан белсенділікпен қатысты. Сайыс соңында қатысушылар жүлделі орындармен марапатталды.