Тілдер мерекесінің өткізілуі туралы мәлімет
2019 жылдың 5 – 22 қыркүйек аралығында «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне байланысты өткізілетін іс-шаралар жоспары жасалынып бекітілді. Жоспарда қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі бірлестігінің мұғалімдері қамтылды.
Жоспарға сәйкес қазақ тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Ана тіліңде елдігіңді, ерлігіңді жырлайсың» атты ауызша журнал түрінде мерекенің ашылуын 5-11 сынып оқушылары арасында өткізді. Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да, парасатты азамат етіп, елімізде тұрып жатқан әрбір жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтастыққа, достыққа тәрбиелеу мақсатында «Тіл – болмыс айнасы» атты тақырыпта мектеп кітапханашысы Г.И. Землянухина мектепте кітаптар көрмесін өткізді.
«Тіл – халықтың жүрегі» атты бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Бекбаева Ш.Қ ұйымдастыруымен «Тілім –өлшеусіз қазынам» атты эссе байқауы өзіндік пікірлер келтірген, тезистерін нанымды дәлелдермен растаған, нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімдерінен құралған критерийлер бойынша жазылған жұмыстар бағаланды.
Жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға, Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру мақсатында мұғалімдер мен жоғарғы сынып оқушылары арасында «Кім мықты?» интеллектуалдық – шоу сайысы өтті.
«Халықтар достығының алтын кілті» тақырыбындағы достық фестивалінде мектеп оқушылары үш тілде өлеңдер оқылып, әндер айтылып, сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен өзге ұлттың салт-дәстүрі мен мәдениетін мән-мағынасын, өнерлерін слайд арқылы көрсете білді.