«Дүниежүзілік балаларды қорғау күні : балаларға арналған өмір» атты республикалық онкүндікті ұйымдастыру және өткізу
«Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады»
Дүниежүзілік балалар құқығын қорғау күні – бұл балалардың құқықтары туралы хабардар ету және балалардың құқықтарын қорғау мақсатында өткізілетін жыл сайынғы іс-шара. Бұл күн бүкіл әлемді бір мақсатпен біріктіреді – әр баланың қауіпсіз өмір сүруі, өз әлеуетін білуі және жүзеге асыруы үшін.
– «Менің құқығым және міндеттерім» атты кітапханада көрме ұйымдастырылды. Көрмеде балалар құқығын қорғау туралы кітаптар мен жадынамалар қойылды.
– «Балалар игілігі үшін» атты Қамқорлық акциясы өтті. Акция барысында ауыл тұрғындары Жасыбаев Д.Б пен Кривошеев И.И аз қамтылған 2 отбасы балаларына аяқ киім мен қыстық куртка алып, үйлеріне керекті азық – түлік өнімдерін әперді. Акция әлі де жалғасын табуда.
– «Түнгі қаладағы балалар» республикалық акциясы аясында Барқытбел ауылдық учаскелік полиция инспекторі Елеусизов М.А пен мектеп әкімшілігі бірігіп аптасына 1 рет түнгі рейд жүргізді, Рейд барысында ешқандай құқықбұзушылық орын алмады.
– «Мен бақытты баламын» атты тақырыпта 1-4 сынып оқушыларына сурет байқауы өтті.
– «Сіз қандай ата – анасыз?» атты тақырыпта ата – аналарға арналған психологиялық сауалнама алынды;
– «Алтын сақа» асық ойыны челленджі мектепте алғаш рет өткізіліп отыр. Балалар мен жасөспірімдердің, мұғалімдер ата – аналардың бірлігін нығайту, ұлттық мәдени мұраның озық үлгілерінің бірі болып табылатын ұлттық ойындарды насихаттау мақсаты болып табылады. Бұл челленджге 1-5 сынып оқушылары қатысты. Челлендж үзіліс арасында өткізілді.
Жоспарланған іс-шаралардың барлығы уақытымен өткізіліп, әлеуметтік желілерге салынды.